Ақмола облысында енесінің атына жасырын несие рәсімдеген келіншектің үстінен алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, алаяқтық қылмыс Зеренді ауданында тіркелген. Бұл туралы қазанның 5-інде аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 53 жастағы әйел хабарласып айтқан. Зардап шегушінің сөзінше, биылғы жылғы мамырдың 29-да белгісіз біреулер оның үстінен 75 мың теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеген. Осының салдарынан оның мүлкі тұтқындалып, есеп-шоттары бұғатталған. Сол себепті, ол полицияға арызданған.
«Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 190 бабының 1 бөлігі (алаяқтық) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомстводан.
Тергеу амалдары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, 20 жастағы әйелді анықтады. Ол зардап шеккеннің келіні болып шықты. Мамыр айында ол күйеуінің туыстарына қонаққа келген. Оған шұғыл ақша қажет болған соң енесінің атынан жасырын онлайн несие рәсімдеген. Кейін ол қарызы барын ұмытқан, іс насырға шабады деп ойламаған.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии