Қаратау АПБ-ның қызметкерлері ағымдағы жылдың 18 қазанында отбасылық мәселе бойынша жанжалдасу салдарынан өз әйелін ұрып, дене жарақатын салған күйеуін полицияға жеткізді, деп хабарлайды Рolisia.kz
Ол 1981 жылы туылған жергілікті тұрғын.Орын алған оқиға бойынша 107-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар тексеру барысында аталған азаматқа учаскелік полиция инспекторлары ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде қорғау нұсқамасын толтырылған. Алайда ер азамат бұл іс әрекетімен қорғау нұсқамасын бұзған.
2020 жылдың 27 қазанында ерлі зайыптыларға қатысты азаматтық соты болып, онда соттың шешімімен ер азамат өзінің айлық жалақысының жартысын жәбірленушіге беретін болды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии