Алматыда әуежайға баратын жол жарты жылға жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жағдай Бұқтырма көшесінің Құлжа тасжолы қиылысындағы жол айрығының салынуымен байланысты.
"2020 жылғы 25 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 маусымға дейін Бұқтырма көшесіндегі айналма жолдан әуежайға баратын жол жабылады. Қозғалыс Рысқұлов даңғылы, Шемякин және Майлин көшелерімен жүргізіледі", - делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, іргелес көшелердегі қозғалыс бұрынғы тәртіп бойынша қала береді.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии