Алматы облысы Қарасай аудандық мамандандырылған аудандық сотының шешімімен 26 жастағы Азат Азаматов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы қалалық Полиция департаментінің бұрынғы қызметкері жазасын орташа қауіпсіздік деңгейдегі мекемеде өтейді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Сондай-ақ сотталушы марқұмдардың туыстары мен мемлекеттің пайдасына мәжбүрлі түрде өтемақы төлеуі тиіс.
«Екі немесе оданда көп адамның өліміне себепкер болған Азат Азаматовты кінәсі дәлелденгендіктен 10 жылға бас бостандығынан айырылсын», - деді Қарасай аудандық сотының судьясы Мәди Көшікбаев.
Еске салай кетейік, 25 мамыр күні Алматы облысы Қарасай ауданындағы Көксай шағынауданына қойылған блок-бекетте жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицияның мәліметінше, BMW көлігін тізгіндеген Азат Азаматов алдымен бетон қоршауына соғылып, артынша полиция қызметкерлері отырған патрульдік автокөлікті қаққан. Тәртіп сақшыларының бірі оқиға орнында, бірі ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ, тағы бір полицей зардап шекті.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии