24 қазаннан бастап сенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істей бастайды, - деп хабарлайды Рrimeminister.kz.

"2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 13 наурызда Қазақстандағы сауда орталықтарындағы ойын алаңдары коронавирустың тарауына байланысты жабылған болатын.