Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов облыс шекарасында санитарлық бекеттер орнатуды тапсырды - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

"Бас санитар дәрігердің 6 қазандағы қаулысына сәйкес, Қазақстан аумағына келген адамдар термометриядан өтуі керек. Осыған байланысты, облыстың шекаралас аудандарының әкімдеріне санитарлық бекеттерді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырдым",- деп жазды әкім Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, мұның алдында облыста карантин күшейтілгені хабарланған еді.