16 қазан күні анестезиолог мамндар кәсіби мерекелерін атап өтеді. 1846 жылдың дәл осы күні АҚШ-тың Бостон клиникасында тіс дәрігері Томас Мортон мен оның ұстазы Джексон бірегей тәжірибе жасаған. Тіс жұлу операциясы кезінде науқасқа эфирлік наркоз егілген. Соның әсерінен емделуші ауруды сезінбейді. Арада көп уақыт өтпей медицина саласындағы таптырмас өнертабыс патенттеліп, мыңдаған адамды ажалдан аман алып қалып жүр. Уақыт өте келе анестецзия медицинаның үздіксіз дамып келе жатқан саласына айналды, арнайы анестезиолог мамандар даярлана бастады. Көптеген операцияларды олардың қатысуынсыз жасау мүмкін емес. Алайда елімізде бұл салада мамандардың жетіспеушілігі қатты сезіледі. Қазақстанда 360 анестезиолог тапшы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«АНЕСТЕЗИОЛОГТЫҢ ЕҢБЕГІ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛАДЫ»
Анестезиолог – еңбегі көзге көрінбей көбіне көлеңкеде қалып жататын маман. Шын мәнінде әрбір отаның сәтті өтуі тікелей осы дәрігерлерге байланысты. Ғалымжан Уптияртов - Солтүстік Қазақстан облыстық кардиологиялық орталықтың анестезиолог дәрігері. Ақ халатты абзал жан жұмыс уақытында бір мезет тыным таппайды. Өйткені өзі сынды мамандар тапшы. Ал нуақастар, әсіресе жүрек-қан тамыр жүйесінде ақауы бар емделушілер күте алмайды. Кей жағдайда олар үшін әрбір минут маңызды. Сондықтан біздің кейіпкеріміз күніне орта есеппен 7-8 отаға қатысады.
«Жалпы анестезиологтар тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде тапшы. Себебі бұл мамандықтың жұмыс ауқымы көп, өте ауыр және жауапкершілігі үлкен. Сондықтан көбі оны таңдай бермейді. Сондықтан да сол жетіспеушіліктің салдарын біз сезінеміз Дегенмен болашақта бүл мәселе өз шешімін табады деп үміттенемін. Біздің негізгі міндетіміз – науқасқа ота жасалар алдында, ота жасалып жатқан уақытта жансыздандыру жасау. Хирург, акушер-гинеколог, біз сөзбен айтқанда өзімізбен бірге жұмыс істеп жатқан дәрігерге өз міндетін орындау үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Науқастың жағдайын үздіксіз бақылап отырамыз», - дейді дәрігер.
Ғалымжан Әлімханұлы Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. 2010 жылы жоғары оқу орнын тәмәмдап, қолына диплом алғаннан кейін жолдамамен Қызылжар өңіріне келеді. Петропавл қалалық 3-ші емханаға учаскелік дәрігер қызметіне қабылданады. 2015 жылдан облыс орталығындағы кардиологиялық орталықта еңбек етіп жүр. 5 жыл бұрын қайта даярлау курстарында анестезиолог мамандығының қыр-сырын меңгеріпті. Содан бері күн сайын дертіне дауа іздеп келген науқастардың сырқатына шипа дарытып, ажалдан арашалап жүр.
2010 жылы Қожахмет Яссауй атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін тәмәмдап, СҚО-ға келген. 3-ші қалалық емханаға учаскелік дәрігер болған. 2015 жылы кардиологиялық орталыққа орналасап, сол ауруханада қайта даярлау курсынан өтіп, анестезиолог мамандығы бойынша жұміс істеп жүр.
НАРКОЗДЫҢ АДАМ ӨМІРІН ҚЫСҚАРТАТЫНЫ РАС ПА?
Әлемде адам денесін, немесе белгілі бір мүшесін жансыздандырып, ауруды сезбеуіне жағдай жасайтын наркоз пайда болғанға дейін миллиондаған науқас ауырсыну шегінің шамадан тыс көтерілуінің әсерінен көз жұмған. Сондықтан анестезияның пайда болуы медицина ғылымы үшін ұлы жаңалықтардың біріне айналды. Бүгінгі күні медицинада ауырсынуды басудың тәсілдері сан алуан. Сондай-ақ оның зияны туралы халық арасында кездесетін әңгімелер де көп. Ғалымжан Әлімханұлы олардың негізсіз екенін айтады.
«Науқастар «наркоз адам өмірін 5 жылға қысқартатыны рас па» деп жиі сұрайды. Әрине, адамның өз денсаулығы үшін алаңдайтыны заңды құбылыс. Дегенмен осы сауалды естіген сайын еріксіз езу тартамын. Себебі бұл жай ғана қаңқу сөз. Ол ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген, ешқандай негізі жоқ әңгіме. Сондықтан ол шындыққа жанаспайды. Анестезия – жай ғана қоя салатын екпе емес. Жансыздандыру жасағанда препарат мөлшерін адам салмағына қарай есептеп егеміз. Науқасты ұйықтатамыз. Ота жасалып жатқан кезде ол ауруды сезбейді. Ол оянған соң қал-жағдайын сұрап, ота жасалған жердің ауырсынуы туралы білеміз», - дейді маман.
Маман өз біліктілігі мен жауапкершілігінің арқасында әріптестерінің ортасында беделге ие. Ұжымда Ғалымжан Әлімханұлы жайында тек жақсы пікір қалыптасқан. Ал ақ халаты абзал жан үшін өзгелерден мақтау сөз есту маңызды емес. Дәрігер үшін ең бастысы, науқастардың есендігі мен денсаулығы.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии