Коронавирус індетінің қайтадан таралуына жол бермес үшін Қазақстан төрт елмен әуе рейстерін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .
"Жақын арада бірнеше бағыт бойынша әуе рейстерін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Олар: Украина, Германия, Беларусь және БАӘ", – деді Қиясов онлайн баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін үкімет Түркиямен арадағы рейстер саны қысқаратынын хабарлаған еді.
6 қазаннан бастап шетелдіктерге Қазақстанға коронавируспен ауырмайтыны туралы анықтамасыз кіруге тыйым салынды. ПТР-тестің мерзімі 72 сағаттан асып кетпеуі тиіс. Анықтамасы жоқ немесе мерзімі өтіп кеткен шетелдіктер елден депортацияланады.
Ал ПТР-анықтамасы жоқ қазақстандықтар әуежайдан шыға сала бірден карантиндік стационарға орналастырылады. Ол жерде азаматтардан коронавирусқа анализ алынады.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии