Қызылорда облысы Қазалы ауданында Ресейден Қырғызстанға күнбағыс майын алып бара жатқан жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Қазалы ауданы Майлыбас елдімекені жанындағы «Самара-Шымкент» тас жолы бойында болды. Ресейдің Қазан қаласынан Қырғызстан астанасы - Бішкекке бағыт алған «Volvo FH12» жүк көлігі толығымен өртеніп кетті.

«Көлікке 21,5 тонна күнбағыс майы тиелгені анықталды. Өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.