Кинолог Шереметьеводағы "Аэрофлот" әукомпаниясының кинологиялық бөлімшесінің шалайка тұқымдас қызметтік иттердің бірімен. Кинологтар иттерді адамдардан коронавирус инфекциясын анықтау мақсатында үйрете бастады. Ғалымдар биологиялық үлгілердің иісін мүмкіндігінше сақтау, материалдың өзін қауіпсіз ету үшін радиологиялық әдіспен науқастардан алынған коронавирусты инактивациялау параметрлерін жасады. Енді осы үлгілерде қызметтік иттерді жаттықтыруда,деп хабарлайды SputnikNews.kz.
Коронавирусты жедел диагностикалық құралдар арқылы анықтау бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің біріне айналуда. Қан сынамасын алу мен ПТР тестін тапсырудан бөлек, көптеген елде коронавирусты анықтау үшін өзгеше әдіс қолданыла бастады. Оған қызметтік иттер тартылады
Вирусты анықтауға Иран, Ұлыбритания, Финляндия және БАӘ сынды әртүрлі мемлекеттердің төртаяқты "детекторлары" қатыстырылып келеді.
Мысалы, Тегеранда мұндай эксперимент мамыр айында, пандемияның бірінші толқыны өршіп тұрған кезде жүргізілді. Бір қызығы, сол кезде иттер 65%-ке дейін тиімді нәтиже көрсеткен.
Кинологтардың айтуынша, иттердің мүмкіндіктері температураны қашықтан өлшеу және зертханалық зерттеулер өткізу сияқты коронавирусты анықтайтын дәстүрлі әдістерден көп жағдайда асып түседі. Бұл, әсіресе, әуежайларда өте маңызды.
Сарапшылардың пікірінше, иттер инфекцияның айқын белгілері байқалған науқастарды анықтап қана қоймайды. Төртаяқты жануарлар вирустың белгісіз тасымалдаушыларын да бірден сезіп қоятын "қасиетке" ие.
Вирус жұқтырып, жазылып шыққан адамға бірден "реакция" танытатын стандартты ПТР тестінен айырмашылығы, үйретілген ит мұндай науқастың арнайы шеңберден өтіп кетуіне жол бермейді.
Sputnik Қазақстан шалайка (шакал және хаскидің буданы) тұқымдас иттердің коронавирусты анықтауға үйретіліп жатқан сәтінен түсірілген суреттерді назарға ұсынады.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии