Қазақстандық студенттер Ресейге тек ұшақпен бара алады, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Осылайша, Қазақстанның барлық азаматына, оның ішінде жоғары және орта оқу орындарында оқитын студенттерге Ресейге әуе өткізу бекеттері арқылы шектеусіз кіруге рұқсат етіледі.
"Құрлықтағы шекарада бұрынғы шектеулер, оның ішінде Ресейге оқуға кіруге тыйым салу сақталған", - деп нақтылады елшілік.
Сонымен бірге, ұшып келу кезінде көші-қон картасында студент сапар мақсатын "Оқу" деп көрсете алады, оқу орны осының негізінде студенттің елде болатын мерзіміне тіркеуді рәсімдейді.
Еске салайық, Ресейге үшінші елдер арқылы транзитпен ұшып келу тек осы елдерде тұруға рұқсат болған жағдайда ғана мүмкін болады. Мысалы, егер қазақстандық Түркиядан ұшып келуге шешім қабылдаса, оны Ресейге Түркияда тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана жібереді.
Екі ел арасындағы әуе қатынасы Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағытында, ал рейстер аптасына екі рет "Эйр Астана" және "Аэрофлот" әуе компаниялары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте, Ресейге келетін жолаушылардың қолында коронавируспен ауырмайтыны туралы ПТР тесттің анықтамасы болуы тиіс. Анықтамада көрсетілген мерзім ұшаққа отырғанға дейін 72 сағаттан асып кетпеуі керек.
Ресейде тіркелуге немесе уақытша тұруға рұқсат беретін қағаздың мерзімі 2020 жылдың 15 наурызы мен 15 желтоқсаны аралығында аяқталатын Қазақстан азаматтары елде міндетті тіркеусіз жүре алады. Осы мерзім ішінде оларға қатысты айыппұл санкциясы мен депортация алынып тасталады.
Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарына Ресейден мерзімі өткен құжаттармен немесе жеке куәліктермен, егер олардың қолданылу мерзімі 2020 жылдың 14 наурызынан кейін аяқталған болса, транзитсіз ұшып кетуге рұқсат етіледі.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии