Теміртау қаласында өртеніп жатқан пәтердің ішінен құтқарушылар үш адамды алып шықты. Зардап шеккендер күйік шалу және түтіннен улану диагнозымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
9 қазан күні сағат 15:50-де Теміртау қаласы Тищенко көшесі, 25 мекен-жайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Көпқабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатында орналасқан пәтерде 20 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздары жанып кетті.
«Өрт сөндіруші-құтқарушылардың күшімен пәтерден үш адам құтқарылды: 1972 жылы туған әйел, 1979 жылы туған ер адам және 2017 жылы туған бала. Газдан уланып, күйік шалған зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді» деп мәлімдеді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии