Қазгидромет 9 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы күтіледі. Тек Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерінде 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі, түнде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан,

Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Түркістан облысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей аймағында тұман болуы ықтимал, түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында түнде 1-5 градус үсік күтіледі.