Алматы көшелерінде қызыл түсті жол белгісі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалалық полиция департаментімен бірге көшелерде қызыл түсті жол белгілерін сызу жұмыстары жүргізілді. Мақсат– жүргізушілердің назарын қауіпті жол учаскелеріне аудару», - деп хабарлады Алматы қалалық мобильдік басқармасы.

Жол белгілері әл-Фараби даңғылында, Сырғабеков, Водозаборная, Желтоқсан, Бұқтырма көшелерінде пайда болды.

Бұған дейін Алматыда Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында сары түсті торлы жол белгісі сызылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.