Ресей Федерациясының көршілес Орынбор облысының тұрғыны өзенді кешіп өткен видеосын әлеуметтік желіге жүктеді. Ол Қазақстан мен Ресей үшін ортақ өзен - Оралдың жағдайына осылай назар аудартпақ болған. Видеода ол кешіп өткен өзен суы адамның тізесінен-ақ келеді. Ол: "Біз осылайша Оралды құрттық", - дейді видеода, деп хабарлайды zakon.kz Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Жас жігіт жергілікті және федералды органдардың көмегіне жүгініп, Орал өзенін қалпына келтірудің нақты шараларын қабылдауды сұрайды.