6 қазан күні Жер мен Марс бір-біріне өте жақын арақашықтықта орналасады. Қызыл планетаның үлкен және жарық болатыны соншалық, Жерден оңай көруге болады, деп жазады NEGE Science Alert сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. 15 жылда бір рет қайталанатын құбылыс екен. Осы аптада Марс пен Жер бір-біріне 62,1 млн шақырымға жақындайды. Сонымен қатар Science Alert айтуынша, аспанда жұлдыздар аз болатындықтан, Юпитер мен Сатурнды да көруге болады. Марс пен Жер эллипс тәрізді орбиталарда орналасқан және кейде бір-біріне өте жақын келуі мүмкін. Әсіресе, Жер Күннен (афелий) алыстағанда, ал Марс Күнге (перигелий) жақын орналасқанда, Жер мен Марс арасындағы арақашықтық азая түседі.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии