Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында алғашқы қар жауды. Қалада жылыту маусымы әлі басталған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін 5 қазан, таңғы сағат 8:30-дар шамасында басталған қардың арты бұрқасынға айналған. Табиғаттың тосын сыйының арқасында жер ақ мамыққа оранды. Дәл қазіргі уақытта қалада ауа райы +3 градусты көрсетіп тұр.

Биылғы жылы кеншілер қаласына қар жылдағыдан әлдеқайда ерте жауды. Тұрғындар бұл құбылысқа айтарлықтай дайын болмаған. Мәселен қаладағы тұрғын үйлерде әлі жылу берілген жоқ.

Мамандардың айтуынша, жылда қалада жылыту маусымы қазанның онында басталатын, алайда биыл күннің ертерек суытуына байланысты бүгін тұрғын үйлерге жылу жіберу қарастырылып жатыр.