Алматыда жыл басынан бері 650 мың адам жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол ережесін бұзғандар қала көшелеріндегі жол апатына түрткі болып отыр. «Биыл 8 айда ҚР Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 654 мың 378 адам жауапкершілікке тартылды. Оларға 4 млрд 364 млн теңге айыппұл салынды. Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына 8 мың 534 әкімшілік іс материалдары жіберілді. 1 мың 267 адам жүргізуші куәлігінен айрылды. 816 адам қамауға алынды», - деді ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии