Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 182 медицина қызметкері қайтыс болған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«Пандемия басталғалы Қазақстан бойынша коронавирустан 182 медицина қызметкері қайтыс болды. Өңірлік комиссия өкілдері бүгінге дейін індеттен қайтыс болғандардың туыстарына өтемақы төлеу бойынша 58 өтінішті мақұлдаған. Әзірге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан көз жұмған 36 медицина дәрігерінің жақындарына 10 млн теңгеден өтемақы төленді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», - деді министр.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии