Қазақстанда кезекші сыныпта коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

Шығыс Қазақстан облысы Парыгино аулында екінші сынып оқушысынан COVID-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.

"14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы, Парыгино кентінде кезекші сынып оқушысынан коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы - мұғалім. Бірінші күні дене қызуы 37 градус болды, вирустың барлық белгісі болды. ПТР талдауы оң нәтиже берді", - деді Кожахметов.

Бала үйде емделеді, жағдайы қанағаттанарлық.

Онымен бірге 12 бала оқыды. Байланыста болған барлық адам тексеріледі.