Экология министрлігінің баспасөз қызметі «Елорда көшелерін жабайы қабандар кезіп жүр» деген видеоға қатысты пікір білдіріп, мәселенің мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Қыркүйектің 20-сынан 21-іне қараған түні Нұр-Сұлтан қаласының Тұран көшесі бойында таспаға түскен жабайы қабандар фактісі бойынша Ақмола облыстық территориялық инспекциясының инспекторлары табиғатты қорғау полициясымен бірлесе отырып маңайды тору жұмыстарын жасаған. Ведомствоның хабарлауынша, іздеу барысында жабайы қабандар көші анықталмаған.
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің мәліметіне сәйкес, Ақмола облысы төңірегінде 2500-ге жуық жабайы қабандар бар. Олар қала территориясына миграция арқылы өтуі мүмкін.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии