13 қыркүйекте Жаңаөзен қаласы «Рахат» шағынауданындағы көшелердің бірінен жаңа туған нәресте табылғаны хабарланды. Дәрігерлердің айтуынша, көшеден табылған сәбидің қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деңгейде. Сараптама нәтижесі баланың миына қан құйылу және басқа да жарақаттар алғанын көрсетті. Бұл туралы Жаңаөзендегі көпсалалы аурухана директоры Жаңабай Унайбаев айтты, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Тексеру нәтижесінде баланың миныа қан құйылуы және басқа да бас сүйегі зақымданғаны анықталды. Біз жаңа туған сәбидің қалай жарақат алғанын нақты айта алмаймыз. Өйткені, анасы оны қашан және қандай жағдайда дүниеге әкелгенін білмейміз. Қазір бала қажетті терпаия алып, түтік арқылы тамақтандырылып жатыр», - дейді Жаңабай Унайбаев.

Сондай-ақ дәрігерлер көшеден табылған сәбиге есім берген – Бақыт Рахат. Оның тегі табылған жері - «Рахат» шағынауданына қатысты берілген. Полиция өкілдері жаңа туған нәрестенің анасын әлі тапқан жоқ.