Коммуналдық қызметтер үшін түбіртектің электрондық нұсқасын алуға болады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кейде сіз кіреберістің пошта жәшігінен коммуналдық қызметтер үшін түбіртекті таба алмайсыз. Енді оның электрондық нұсқасын алу оңай - @iQalakz_bot Telegram-ботқа хабарласыңыз. Сізге «бірыңғай төлем құжатын алу» батырмасын таңдап, жеке шот нөмірін көрсету жеткілікті. Бірнеше секунд ішінде түбіртек сізге сол терезеде келеді», - деп жазды әкім орынбасары.
Осы орайда ол қазіргі кезде орталықтың 131 қызметін онлайн режимінде iqala.kz сайтында «қызметтер тізімі» бөлімінен алуға болады.
«www.iqala.kz порталы арқылы қажетті анықтамаларды, мәліметтерді және түбіртектерді алыңыз», - деп нақтылады М. Бетұрова.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии