Коронавирус жұқтырған онкологиясы бар науқастарға COVID-19-дан толық айыққанша мамандандырылған ем алуға болмайды. Бұл туралы Қазақстан онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
"Өкінішке қарай, онкопациентте коронавирус анықталса, онда барлық халықаралық стандарт бойынша COVID-19 кезінде емдеуді тоқтату ұсынылатынын ескерткім келеді. Коронавирус жұқтырған науқасқа химиотерапия, сәулелік терапия және хирургиялық емдеу қабылдауға қатаң тыйым салынады.
Мамандандырылған емдеу науқастың жағдайын нашарлатып, түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін. Сондықтан пациенттеріміз өзін қорғауы үшін тағы да ескертеміз", - деп хабарлады Қайдарова ОКҚ брифингінде.
Сондай-ақ, ол химиотерапия немесе сәулелік терапия курсын өткен қазақстандықтарды сақ болуға шақырды. Оның айтуынша, бұл науқастардың иммунитеті өте әлсіреген, сондықтан өзіңді күтіп, адамдармен қарым-қатынасты азайтып, гигиенаның барлық ережесін сақтау керек.
"Науқаста коронавирустың жеңіл түрі болса, ол емханаға баруы керек немесе үйде 14 күн емделуі қажет. Содан кейін ПТР талдауы теріс нәтиже көрсеткенде емдеуді жалғастыра алады (қатерлі ісіктен. - Ескерту). Біз емдеуді тоқтатпаймыз", - деді Қайдарова.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии