Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 54 жастағы ер адам 8 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Мадияр Бисенғалиев 10 қыркүйек күні сағат 13.00-де «Тойота Авенсис» автокөлігімен үйінен шығып кеткеннен оралмаған.
«Құс фабрикасы» ауданында Атамекен көшесі 93-үйде тұратын М.Бисенғалиевтің бойы 170-175 сантиметр, басына қоңыр кепкі, үстіне шолақ жең ақ көйлек, ақшыл түсті джинсы, аяғына қара туфли киген. Өзімен бірге автокөлік құжаттары салынған қара барсеткасы, «Самсунг» телефоны (нөмірлері: 8-701-839-40-01, 8-777-659-06-82) болған.
Ерекше белгілері жоқ. Бұл оқиға бойынша Орал қаласы полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 16 жасар қыздың төртінші қабаттан секіріп, аман қалғанын жазған болатынбыз.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии