Шымкентте мас ер адам жанжал кезінде пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқыс оқиға 13 қыркүйекте болған. Ішімдік ішкен екі ер адам жанжалдасып қалған. Салдарынан біреуі пышақ жарақатын алып, қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
"Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 24-бөлігі "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің қайын інісі болып саналатын күдіктіні ұстады", - делінген хабарламада.
Ол уақытша тергеу изолятор қамалған.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии