Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифинг барысында коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғаны тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Иә, шынымен COVID-19 қарсы күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты тексеру жүріп жатыр. Бұған қатысты түсініктеме бере алмаймын. Сауалдарыңызды құқық қорғау органдарына қойғандарыңыз абзал», - деді басқарма басшысы.

Камалжан Надыров басқарманың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

«Бұл - қалыпты жұмыс процесі. Құқық қорғау органдары бюджет қаражатының қай мақсатта жұмсалғанын тексеріп жатыр. Ал біз өз міндетімізді атқаруды жалғастыра береміз», -деді ол.