ОАР-дағы Крюгер ұлттық паркінде фотограф және гид Родни Номбекана бүркіт пен келестің айқасын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz National Geographic сайтына сілтеме жасап.

Туристер де әсерлі көріністің куәгері болған. Бүркіт кесірткені бар салмағымен басып, оны жеңуге тырысқан. Айқас кезінде бүркіт келестің көзін жұлып алған. Алайда кесіртке де оңай жеңілгісі келмегенге ұқсайды. Ол да бүркітті құйрығымен ұруға тырысқан.