Жамбыл облысында тікұшақтардың көмегімен 7 жасар бала іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап
2013 жылғы бала Мойынқұм ауданы Көшаман ауылында тұрады. Ол 15 қыркүйекте жоғалып кеткен. Шамамен сағат 15.00-де бала үйден атпен шыққан. Оны соңғы рет сағат 18.00 шамасында Көшаманнан 30 шақырым жерде орналасқан Жасұлан ауылының маңында көрген.
Қазір іздеуге 200-ден аса полиция қызметкері, құтқарушылар, кинологтар, жергілікті тұрғындар арасынан еріктілер атсалысып жатыр. Іздестіру шараларына Қазақстан ТЖМ "Қазавиақұтқару" "Еврокоптер" тікұшағы жұмылды.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии