Бейімбет Майлин ауданына қарасты Береговой кентінде екі пәтерлі үйден өрт шығып, салдарынан 7 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі. Оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат жеті шамасында болған, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Өртенген үйге келген мамандар ғимарат ішінен 2013 жылы туған баланың денесін алып шықты. Сондай-ақ, оның 1959 жылы туған әжесі ауыр жарақатпен Рудный қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Өрт тек 8:17-де ауыздықталып, 9:50-де толығымен сөндірілді. Барлығы 100 шаршы метр аумақ жанып кеткен. Мамандар қазір өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии