Қазақстан мен Қырғызстан арасында 20 қыркүйектен бастап ұшақтар қатынай бастайды. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап inbusiness.kz жазды.
Қырғызстанның коронавирусқа қарсы штабы екі ел арасындағы әуе қатынасы осы мерзімде іске қосылатынын хабарлаған.
Штаб мәліметінше, Алматы – Бішкек - Алматы рейсін Air Astana әуе компаниясы жүзеге асырады. Ұшақ аптасына екі рет - сейсенбі және жексенбі күндері ұшады. Өткен аптада Қырғызстан Араб Әмірліктері, Түркия арасындағы әуе қатынастарын іске қосқан болатын.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии