Нұрәлі Әлиев інісі - Айсұлтан Назарбаевтың қазасына байланысты үн қатты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қымбаттым, бауырым! Қазір менің қандай күйде екенімді бір сөзбен сипаттау мүмкін емес. Саған айтпағым көп еді, әттең, айтылмай қалған нәрсе көп. Сен әрдайым менің жадымдасың, жанымдасың. Мен сені өмір бойы жақсы көріп өтемін. Жанатта жаның жай тапсын, - делінген видео жанындағы жазбада.
16 тамыз күні Айсұлтан Назарбаев Лондонда қайтыс болды.
Алдын ала дерек бойынша, оның жүрегі ұстап қалған. Басқа мәліметтер айтылмайды.
Zakon.kz редакциясы ұжымы марқұмның отбасына шын жүректен қайғырып көңіл айтады.
Айсұлтан Назарбаев - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі.
10 күннен кейін Айсұлтан Рахатұлы 30 жасқа толар еді.
Ол 1990 жылы 26 тамызда Қазақстан Президентінің үлкен қызы - Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің отбасында дүниеге келді.
Ол Астанадағы "Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде", сондай-ақ Австрияның "American International School" мектеп-пансионында оқыды. 2010 жылы Сандхерсттегі британдық корольдік әскери академиясын бітірген. 2012 жылы ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасында жұмыс істеді, онда бір жыл қызмет етті.
Ол Австрияда әкесі елші болып жүргенде "Адмира Ваккер" клубында футболмен айналыса бастады. 2006 жылы ол Қазақстанның бірінші лигасына қатысып, астаналық "Рахат" клубы құрамында екі матч өткізді, 2007 жылы Алма-Ата "Железнодорожник" ФК құрамында болды. 2006 жылы футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысты. Біраз уақыт Британияның "Портсмут" құрамында өнер көрсетуге тырысты.
"Қымбаттым, бауырым!...". Нұрәлі Әлиев інісінің қазасына байланысты үн қатты
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
17.08.2020
25-летняя девушка пропала без вести в Уральске
17.08.2020
Моральный ущерб в 400 тысяч тенге заплатит парикмахер за облысение клиента в Павлодарской области
17.08.2020
Карантин алынғаннан кейін емханаларда қандай қызмет көрсетіледі?
17.08.2020