Шығыс Қазақстан облысындағы қатаң тәртіптегі колонияға бисквит рулетіне телефон жасырып кіргізбек болған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/2 қатаң режимдегі колониясында жазасын өтеушіге сәлемдеме жібермек болған әйел мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған ұялы телефон және бірнеше сим-картаны ерекше қулықпен бисквит рулетіне жасырып, кіргізбекші болған.
Мекеме қызметкерлері тексеру бөлмесінде жазасын өтеушіге әкелінген сәлемдемені мұқият тексеріп, бисквит рулетінің ішіне жасырылған тыйым салынған заттарды тәркіледі.
Аталған дерек бойынша әйелді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабының 1-бөлігі бойынша құжаттар жиналып, сотқа жолданды.
Айта кету керек, қызметкерлер мекеме аумағына келген әрбір адамға тыйым салынған заттарды тапқан кезде әкімшілік жауапкершілік барын ескертеді.
«Қызметкерлер сотталғандарға келген әрбір сәлемдемені мұқият тексерудің арқасында осындай тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіргізу жағдайының алдын алады, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Зиянов.
ШҚО-да түрмеге телефон кіркізбек болған әйел ұсталды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}