1) Эгоның асқынып кетуі — адам өзінен басқаны көрмей, “мен, мен” дей беретін емделуі қиын аурудың түрі. Бизнес тренерлерде және жұлдыздарда жиі кездеседі. 30 жасқа дейін менде де болған, Булат @amerkhanovb емдеп, адам болып қалдық.
2) Өмірдің мәнсіз болуы — не үшін дүниеге келіп, кім үшін өмір сүріп жүргеніңді білмей қалатын, күйбең тіршіліктен аспай қалып, депрессияға апарар жол. Өзім ауырып көрмеппін. Ауырғандардың айтуынша, Виктор Франкл деген кісі емдейді екен.
3) “Жертва” позициясында болу — өмірде ештеңеге, ешкімге көңілі толмай, жылап-сықтап, маңырап, қара аспанды жерге түсіріп жүретін адамдардың ауруы. Бұл аурудың симптомдары: сыншыл, міншіл, айқай-шу, конфликт, жала жабу деп кете береді. Емі — өмір!
4) Дисциплина дұрыс болмауы — ерте ұйқыдан тұрмау, кешігу, айтқан сөзін орындамау, жұмыссыздық-абыройсыздық-ақшасыздық қатар келуі осы аурудың белгісі. Өз басым 31 жылдың 26 жылында дисциплинамен жүріп, өзімді өзім емдегем. Қаласаңыздар, сіздерді тегін емдеп беремін, жекеге жазыңыздар????
5) Кітапты мүлдем оқымау — надандыққа, қараңғылыққа, жабайылыққа алып келетін ауру. Ауырған адамдарды бір-екі сөз сөйлегенінен, жазғанынан байқауға болады. Емдейтін кісі -@jeksen_jv .
Ал сіз қай аурумен ауырасыз? Немесе ауырдыңыз? Ауруды жасырмай, жаза отырайық .
Нұрлан Жанайдың желідегі жазбасы.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии