Мас күйіндегі ауыл тұрғыны «КамАЗ»-бен көпір үстінде аударылды

Поделиться:
«Атырау-Астрахан» трассасы бойында «КамАЗ» көлігін тізгіндеген мас жүргізуші көпір үстінде аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 тамыз күні сағат 23:10 шамасында Исатай ауданы аумағындағы Ақсай өзені үстінен салынған көпірде болған.

«Аударылған «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде рульге отырған. Ол –Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылының 32 жастағы тұрғыны. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Құқықбұзушы Исатай аудандық сотының қаулысымен 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылып, 20 күнге әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также