14 қыркүйекте алғашқы рейстер ұшады. «Sunday Airlines» әуе компаниясы аптасына екі рет «Нұр-Сұлтан – Шарм-Эль-Шейх» және «Алматы – Шарм-Эль-Шейх» бағыттары бойынша тікелей ұшуды бастайды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады AzattyqRuhy.kz.
2020 жылдың қазан айынан бастап «Шымкент – Шарм-Эль-Шейх» және «Қостанай – Шарм-Эль-Шейх» бағыттары бойынша тікелей рейстер қайта іске қосылады.
Туристік пакеттегі турлардың құны орташа есеппен өзгермеген және өткен жылы жасалған ұсыныстар деңгейінде қалды.
Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардың назарына келесі жайтты есіне салды:
Египет үкіметі Шарм-эль-Шейх және Хургада курорттарына тікелей чартерлік және тұрақты рейстермен келген туристер үшін ПТР-тестінен өтпестен келуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады.
Алайда, Шарм-эль-Шейхке немесе Хургадаға тікелей рейстермен келген және Египетте (басқа қалалар мен аймақтарға) барғысы келетін туристер үшін қозғалыс басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған ағзадағы COVID-19 вирусының бар-жоғын дәлелдейтін ПТР-тест нәтижесі болуы міндетті.
Үшінші елдер немесе қалалар (Каир мен Александрияны қоса алғанда) арқылы транзитпен өтетін жолаушылар үшін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған ағзадағы COVID-19 вирусының бар-жоғын дәлелдейтін ПТР-тест нәтижесі болуы міндетті.
Қазақстан мен Египет арасындағы тұрақты рейстер қайта ашылады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}