Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте жеңілдетілген карантин режимі қандай шараларға тыйым жалғасатынын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұрынғыдай көрермендерге арналған спорттық, еске алу шараларына, отбасылық мерекелер мен үйде той жасауға тиым салынады. Көпшілік жеңілдетілген карантин режимінде адам жаппай жиналатын шараларға да рұқсат беріледі деп жаңсақ ойлап жатыр. Құрметті, қазақстандықтар! Адам шоғыры көп жиналған жерлер инфекцияның таралуы үшін қауіпті болғандықтан, аталған шараларға әлі де тыйым салынады», - деп атап өтті бас санитар.
Сондай-ақ, ересектер мен балаларға арналған барлық ойын-сауық орталықтарына салынған тыйым жалғаса бермек.
«Барлар, караоке мен кинотеатрлар, балаларға, ересектерге арналған ойын-сауық нысандары әлі де ашылмайды. Музейлер мен конференциялар, форум қызметтері, бассейн жұмыстары, жағажай мен аквапарк орталықтарының ашылуына, діни нысандардың жұмысына салынған тыйым жалғасады. Қала сыртындағы жолаушы тасымалы пойызы, халықаралық автобус, микроавтобус және электричка қызметі әзірше жұмысын жалғастырмайды», - деді Есмағамбетова.
Жеңілдетілген карантин режимінде той жасауға, кинотеатр мен түнгі бар қызметтеріне тыйым жалғасады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
14.08.2020
Для населения сохраняется требование по ношению масок - Санврач
14.08.2020
Павел Казанцев: Көп жайт тәртіпке бағынуымызға байланысты
14.08.2020
При каких условиях будут работать фитнес-центры и торговые дома в Казахстане
14.08.2020