Қазақстанда жыл басынан бері 85 бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім еткендей, құлаған балалардың жасы 1-8 жас аралығында. Салдарынан 8 бала қаза болып, 77-сі ауруханаға жеткізілді.
Бұдан бөлек, суға шомылу кезеңі басталған 1 маусымнан бүгінгі күнге дейін ел бойынша 64 бала суға батып кеткен. Олардың барлығы ересек адамдардың қарауынсыз қалған. Осы уақыт аралығында су айдындарында 24 бала құтқарылған. Айта кетсек, былтыр 82 бала судан ажал құшқан.
ТЖК ақпаратына сәйкес, Қазақстанда өткен бір тәулік ішінде ғана балалардың қатысуымен 5 оқиға болды. Оларда 4 бала қаза тауып, 3-еуі ауруханаға жатқызылды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии