11 тамыз күнгі сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 520 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 287,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 271,1 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 520 мың өтінімнің ішінде:
835 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
646,2 мың адам eGov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
386 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
652,7 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Санаттар бойынша:
835 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
235,2 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
1 млн 449,9 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.
Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.
2,3 млн-ға жуық қазақстандық 21 250 теңге төлемін алды
2020-08-11 09:00:42
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77969-23-mln-a-zhuy-azastandy-21-250-tege-tlemn-aldy.html#talgar
Последние новости
11.08.2020
Абай шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды