Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы тегін дәрілерді тарату мерзімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметтің айтуынша, амбулаторлық деңгейде, яғни, үйде ем алатын науқастарға арналған тегін дәрінің бес түрін сатып алу жұмысы аяқталуға жақын. Ол препараттар 1 миллион пациентке жетеді.
"Мұндай шаралар алғаш рет қабылданып отыр. Вирус жұқтырдым деп күдіктенсеңіз, тіркелген емханаңызға қаралуға болады. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықталса, бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмей-ақ қойыңыз. Барлық емханада қажетті дәрі-дәрмек бар және тегін беріледі", - деді Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, аурудың алдын алуға арналған "Парацетамол", "Ибупрофен", сондай-ақ, тағы үш коагулянт аптаның соңына дейін барлық емханаға жеткізіледі. Кейін ол дәрілер науқастарға тегін таратылады.
Айта кетейік, 15 шілдеде денсаулық сақтау министрлігі жанындағы бірлескен комиссия клиникалық хаттаманың 10-шы редакциясына тағы түзету енгізді. Дәрігерлер "Гидроксихлорохин" және "Лопинавир" сияқты препараттарды алып тастауға шешім қабылдапты. Себебі шетелдік ғалымдар бұл дәрілерді коронавирусқа қарсы қолданған тиімсіз деген қорытындыға келген.
Соңғы хаттамаға коронавирустан амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделу үшін дене қызуын басатын дәрілер мен инъекциялық емес антикоагулянттар да қосылды. Олардың ішінде "Парацетамол", "Ибупрофен", "Ривароксабан", "Апиксабан" мен "Дабигатран" деген препараттар бар. Үйде емделетін науқастар үшін осы дәрі-дәрмектің бәрі тегін таратылады. Ал барлық шығын медицининалық сақтандыру қорының есебінен өтеледі.
Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметтің айтуынша, ауруханада емделетін науқастар үшін де ем-дом бар. Коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққан пациенттерге дәрі-дәрмектің бір айлық қоры сатып алынды.
"Қазіргі кезде осы жұмысқа жауапты бірыңғай дистрибьютор ("СК-Фармация" ЖШС - Sputnik) жалпы құны 8,7 миллиард теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмекті аймақтарға жіберді. Бұл препараттар орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді. Бес күннен кейін, яғни 15 тамыздан бастап тағы екі айға жететін қор әзірленуде. Атап айтқанда, стационарда 200 мың науқасты емдеуге жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі жеткізіледі", - деп атап көрсетті Қожахмет.
Тегін дәрі алу үшін не істеу керек – министрлік жауабы
2020-08-10 15:00:47
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77934-tegn-dr-alu-shn-ne-steu-kerek-ministrlk-zhauaby.html#talgar
Последние новости
10.08.2020
Карантин смягчили в Костанайской области