Түркістан облысының тұрғындары Армениядан әкелінген 260-тан астам автокөлікті тіркеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі күні Түркістан облысында Армения Республикасынан қазақстандықтар алып келген автокөліктерді тіркеу жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес “армян автокөліктерінің” иелері 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тіркеуден өтуі қажет.
Сонымен қатар, биыл 1 ақпанға дейін Қазақстанға әкелінген сол жақ рульді автокөліктер ғана тіркеуге жіберіледі.
Түркістан облысында 1 маусымнан бастап "армян нөмірлерімен" 264 автокөлік иесі тіркелген. 11 мың 946 теңге мөлшеріндегі төлемдерді төлегеннен кейін, тіркеу үшін алым – 695 теңге, техникалық паспорт беру үшін баж – 3 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін – 7778 теңге, автокөлік иелері “сары нөмірлер” алады және заңды түрде жүре алады.
Оған қоса полиция қызметкерлері Армения Республикасынан шығарылған автокөліктерді тіркеу аяқталғанға дейін бір айдан аз уақыт қалғанын еске салып, тіркеуге үлгеруге шақырады. Сондай-ақ, автокөлік иелері Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан Түркістан облысы Полиция департаментінің Call-орталықтарына түсініктеме алу үшін жүгіне алады.
Армениядан келген көлікті тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
– жеке басын куәландыратын құжат;
– мемлекеттік тіркеу үшін 0,25% АЕК және мемлекеттік баж мөлшерінде алым төлеу туралы құжаттар;
Көлік құралдарына КҚТК және МТНБ.
Түркістан облысында 260 армян көлігі тіркеуден өтті
2020-08-10 11:00:39
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77893-trkstan-oblysynda-260-armyan-klg-trkeuden-tt.html#talgar
Последние новости
10.08.2020
ЦИТАТА ДНЯ