Абай айтқан «бес дұшпаннан» толық арылып болған жоқпыз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған «Абай – рухани реформатор» атты мақаласында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Келесі жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Бірақ кезінде ұлы ойшылды қатты толғандырған кейбір келеңсіздіктер қоғамда әлі де кездеседі. Өкінішке қарай Абай айтқан «бес дұшпаннан» толық арылып болған жоқпыз. Азаматтарымыздың арасында жалқаулық пен сөзуарлық жиі кездесетіні қынжылтады. Бұлар бұрынғыша тойқұмарлықтан тартынбай, күнделікті тынымсыз тірлікті дәріптеудің орнына, әрбір қоғамдық оқиғадан саяси астар іздейді де отырады. Абай халықты той тойлауға емес, еңбек етуге, рухани кемелденуге шақырды. Абайдың ұлағаты әлі күнге дейін маңызын да, құндылығын да жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз оның терең ойларына, келешектің келбетіне үңілген көрегендігіне таңырқаудан жалыққан емеспіз», - деді Президент.
Абай айтқан «бес дұшпаннан» толық арылып болған жоқпыз - ҚР Президенті
2020-08-10 07:00:44
Последние новости
10.08.2020
Прогноз погоды на 10 августа
10.08.2020
9 тамыз күнгі ауа райы болжамы
10.08.2020
Гороскоп на 10 августа
09.08.2020
ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ