Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров жедел жәрдем қызметінің 2 жүргізушісі COVID-19 вирусынан қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
"Алматыда медицина қызметкерлері арасында адам өлімі тіркелген жоқ. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметінің 2 жүргізушісі коронавирустан қайтыс болды. Сондай-ақ, орталық қалалық клиникалық ауруханасында лифтіде жұмыс істейтін бір қызметкер көз жұмды. Қайтыс болғандарға 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, Алматыда 12 995 адам COVID-19 жұқтырған. 7 965 науқас дертінен айықты, 164 адам қайтыс болды.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 96 922-ге жетті. 70 680 науқас жазылды, 1 058 адам аурудан көз жұмды.
Алматыда 2 жедел жәрдем жүргізушісі коронавирустан қайтыс болды - Надыров
2020-08-07 15:00:43
Последние новости
07.08.2020
Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін
07.08.2020
1400 очагов коронавируса обнаружили в Алматы