Алматы полициясы түнгі жарыс ұйымдастырылатын жерлерге камера орнатпақ

Поделиться:
Алматыда түнгі жарыс ұйымдастыратын жерлерге арнайы камера орнатылады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Қалада мақсатты түрде жергілікті рейд жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы үш күнде арнайы батальон қызметкерлері жол ережесін бұзған 115 мотоцикл жүргізушісін әкімшілік жауапқа тартты. 19 мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды.

«Одан бөлек көлікті заңсыз жабдықтауға байланысты, даусын зорайтатын құрал қойған жүргізушілерге қатысты шара қолданылады. Олар жиналатын жерлерге видеокамера орнатылады», - деді Қанат Таймерденов.

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда екі блогер көлік жарыстырғаны үшін жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.

Олардың біреуі ұсталып, түсінік берсе, екіншісі әлі қашып жүр.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также