Солтүстік Қазақстан облысында көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-нің бір бөлім басшысы 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп, қазір тергеу жүріп жатыр.
Күдікті кәсіпкерлердің бірінен қомақты соманы облыс аумағында оның жүк көліктерінің кедергісіз жүруі және кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін алған деген күмән бар. Кәсіпкерге қатысты да пара беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
СҚО-да шенеунік 500 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
2020-08-01 07:00:49
Последние новости
01.08.2020
ЦИТАТА ДНЯ
01.08.2020
Гороскоп на 1 августа
31.07.2020
ЦИТАТА ДНЯ
31.07.2020
Гороскоп на 31 июля
30.07.2020
ИНТЕРЕСНЫЕ ФАКТЫ
30.07.2020
ТВОЕ КИНО