Бүгін Атбасар ауданының Хрущевка селосында жер үйден өрт шығып, үш бірдей бала ажал құшты, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таңғы 5.19-да өрт шыққаны туралы Атбасар аудандық өрт сөндіру бөліміне хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше қызыл жалын 100 шаршы метрді шарпып үлгерген.
«40 және 41 жастағы балалардың ата-аналары мен 16 және 8 жастағы балалары үйдің терезесін бұзып шығып үлгерген. Өрт сөндіру кезінде үйдің төбесі құлап түскен. Таңғы сағат 6.40-та өрт ауыздықталып, 8.25 болғанда толықтай сөндірілді. Өкінішке орай 15 жасар, 13 жне 12 жастағы балаларды құтқарып қалу мүмкін болмаған. Өрт сөндірушілер олардың тек мүрделерін алып шықты, - деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев.
Өртті сөндіруге барлығы 12 жеке құрам сарбаздары мен 2 өрт сөндіру техникасы, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының 3 техникасы және басқа да ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылған. Қазір оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Өрттың шығу себептері анықталып жатыр. Көкшетау қаласына өрт зертханасына сынамалар жіберілді.
Атбасар ауданында бір үйдің үш баласы жанып кетті
2020-07-29 07:00:52
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77271-atbasar-audanynda-br-yd-sh-balasy-zhanyp-kett.html#talgar
Последние новости
29.07.2020
29 шілдеге арналған ауа райы болжамы