Батыс Қазақстан облысында бір күнде үш адам өзенге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиғаның екеуі Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округінде орын алды.
Жексенбі күні сағат 16.45-те Мичурин ауылдық округіне қарасты Асан ауылында Шаған өзенінде құтқарушылармен (4 адам, 1 жүзу құралы, 1 техника) 2002 жылғы тұрғын іздестірілді. 18 фжастағы жігіт достарымен демалған, жеке құтқару құралдары болмаған. Шомылуға жабдықталмаған жерден түскен марқұмның денесін сүңгуірлер сағат 18.10-да алып шықты.
Осы күні Мичурин ауылында сағат 17.14-те құтқарушылар (5 адам, 1 жүзу құралы, 1 техника) 1980 жылғы әйелдің денесін Шағаннан шығарды. Марқұм белгісіз жағдайда суға батып кеткен.
Тағы бір оқиға Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылында болды. Құтқарушылар (4 адам, 1 жүзу құралы, 1 техника) сағат 10.33-те Жайық өзенінен 1979 жылғы ер адамның денесін шығарды. Марқұм 26 шілде күні сағат 00.30-да белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Ол да достарымен бірге демалып, мас күйінде болған. Өзенге жеке құтқару құралдарынсыз барған.
Осылайша өңірде биыл суға кеткендер саны 14-ке жетсе, соның жетеуі – балалар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір күнде екі адамның суға кеткенін жазған болатынбыз.
Батыс Қазақстанда бір күнде үш адам өзенге батып кетті
2020-07-27 15:00:46
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77166-batys-azastanda-br-knde-sh-adam-zenge-batyp-kett.html#talgar
Последние новости
27.07.2020
Может ли дезинфекция вызывать пневмонию
27.07.2020
Коронвирус қандай сырқаттарға ауыр тиеді?