Алматы облысының полициясы сиырды қағу дерегін тіркеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға хронологиясын зерттеген полиция қызметкерлері 21 шілде күні сағат 22:27 шамасында ер адамның басқаруында болған «Мазда-626» маркалы автокөлігінің Алматы – Өскемен автожолымен оңтүстік бағытта келе жатып, Қапшағай қаласынан бес шақырым жерде жануарды қағып кеткенін анықтады.
«Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы зардап шекті. Екеуі де ауыр дене жарақаттарымен Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді. Алайда, жолаушы алған жарақаттарының ауыр болуы салдарынан таңертең жансақтау бөлімінде көз жұмды», - делінген хабарламада.
ЖКО дерегі ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша тіркеліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Жол-көлік оқиғасының барлық себептері мен жағдайлары сотқа дейінгі тергеу барысында қосымша анықталатын болады
Алматы облысында сиырға соғылған көліктегі жолаушы қаза тапты
2020-07-23 15:00:43
Последние новости
23.07.2020
Тамыз айында қандай ауа райы күтіп тұр?