Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин кезінде далада бетперде тағу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды SputnikNews.kz.
"Карантин жағдайында жабық үй-жайда және далада бетперде тағу – міндет. Осыған байланысты тиісті талаптар қойылады. Ал осы талаптарды бұзған адамдар жауапқа тартылады", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Бас санитардың айтуынша, бетперде коронавирустан қорғайды. Оны ғалымдар дәлелдеген. Оған қоса, адам күніне бірнеше рет бетін ұстайды. Оны өзі де байқамайды. Осындайда вирус тыныс алу жолдары арқылы кіріп кетуі мүмкін. Ал бетперде таққан адам бетін ұстаса да, қолдағы инфекцияның жұғу қаупі төмен болады. Осы орайда бас санитар дәрігер бетперде тағуды қай қаулы міндеттейтінін де айтты.
Оқи отырыңыз: Есмағамбетова ауруханаға пневмониямен түскен науқастардың санын жариялады
"2020 жылдың 26 маусымында шыққан 43-ші қаулы бар. Сол құжатта жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және утилизациялау тәртібі жазылған. Сондай-ақ, бетпердені жабық үй-жайда және далада тағу міндеттелген. Санитарлық ережелер де сондай талап қойып отыр", - деп атап өтті Есмағамбетова.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін республика бойынша 4,5 мың тәртіп бұзушылық анықталды. Соның төрттен бірі – бетперде тағу режимін бұзу фактілері.
Далада маска тақпағандар айыппұл төлейді – бас санитар дәрігер
2020-07-23 13:00:42
Источник:
http://www.matritca.kz/news/76984-dalada-maska-tapaandar-ayyppl-tleyd-bas-sanitar-drger.html#talgar
Последние новости
23.07.2020
Алаколь закрывают с 23 июля