Қызылорда полициясы ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматты тұтқындады, деп хабарлайды SputnikNews.kz.
"Он алтыншы шілдеде белгісіз біреу тоғыз жастағы қызды зорлап, оқиға орнынан бой тасалаған", – деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаменті.
Құқық қорғау органы ұсынған деректерге сүйенсек, күдіктіні анықтау үшін полиция департаменті мен Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған.
"Кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. 26 жастағы Қызылорданың тұрғыны ұсталды және ол өз кінәсін толық мойындады", – делінген Қызылорда облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Күдікті жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 20 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
20 жылға сотталуы мүмкін: Қызылордада 29 жастағы жігіттің азғындық әрекеті әшкере болды
2020-07-21 15:00:47